Кокшетау-Энерго

Главная     Карта сайта     Для печати     
Республика Казахстан, 020000, г.Кокшетау, мкр.Центральный, 5  
 
 Главная 
 Для потребителя 
 Новости компании 
Статьи 
 Рынок электроэнергии 
 Проекты 
 Интернет-приемная 
 Вакансии 
 Объявления о закупках 
 Контакты 
 ТОО Кокшетау Энерго Центр 
 ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық» 




GISMETEO: Погода по г.Кокшетау


   

Электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды алу


Электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды алу

 

Энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясының көтерме және бөлшек нарықтағы тұтынушылар арасында туындайтын қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамамен реттеледі.

               2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 3-қосымшасына сәйкес, электр желілеріне қосылу үшін еркін нысандағы өтініш пен сауалнаманың негізінде тұтынушыларға электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттар беріледі. 
Жаңадан қосылған немесе қалпына келтіруге болатын электр қондырғыларға энергия өндіруші немесе энергия беруші ұйымдар техникалық шартты тұтынушыдан өтінішті алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде береді.
               Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 43 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға түзетулер енгізілуіне байланысты энергетикалық кәсіпорындар техникалық шартпен бірге тұтынушыларға электр желілерінің балансы шекарасын анықтау мен тараптардың қол қойған пайдалану жауапкершілігі актісін қосылу схемасымен қоса береді.
 Құрылыс мерзімінде салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін тұтынушыларға уақытша техникалық шарттар беріледі.
               Техникалық шарттарды беру энергия беруші ұйымның электр желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосылудың техникалық мүмкіндігі болған жағдайда жүзеге асырылады.
        Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін ақы алынбайды. 
               Техникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспеген жағдайда тұтынушы тәуелсіз энергетикалық сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымымен байланыса алады.
 Техникалық шарттарда көрсетілген талаптардың негізсіздігі туралы энергетикалық сараптаманың қорытындысы негізінде тұтынушы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға еркін нысандағы өтінішті қайта жібереді.
               Техникалық шарттарда көрсетілген талаптарды өзгертуден екінші рет бас тартқан жағдайда тұтынушы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның әрекеттеріне шағымданады.
      Тұтынушылардың электр желілеріне қосылуды жоспарлап отырған қосалқы тұтынушылар техникалық шарттарды тұтынушылардан (электр желілерінің иелерінен) алады және оларды тұтынушыға техникалық шарттар берген энергия беруші (энергия өндіруші) ұйыммен келіседі. 
Тұтынушымен (электр желілерінің иелерімен) келісім бойынша энергия тұтынушы немесе энергия өндіруші ұйым қосалқы тұтынушыларға техникалық шарттар  беруге рұқсат  етіледі.
      Барлық мәселелер бойынша тұтынушылар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментіне Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 230 ғимарат, 22-кабинет мекен-жайы бойынша немесе +7 (7162) 25 78 67 телефонына жүгіне алады.
 
 
Қазақстан Республикасы Энергетика 
министрлігі Атомдық және энергетикалық 
қадағалау мен бақылау Комитетінің 
Ақмола облысы бойынша аумақтық 
департаментінің басшысы
Қасенов Ж.С.



   
Поиск по сайту
 
Новости компании
Объявление об отмене тарифов с 1 апреля 2020г. ТОО "Кокшетау Энерго Центр" и ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық»



Статьи
Электр желілерінің күзет аймағы/Охранная зона электрических сетей



ТОО Кокшетау Энерго Центр
Приказы , Распоряжения
Приказы, распоряжения


ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық»
Приказы , Распоряжения





Просмотров сегодня - 356
Хостов сегодня - 185
Просмотров всего - 976276
Хостов всего - 240639




Главная   Для потребителя   Новости компании   Статьи   Рынок электроэнергии   Проекты   Интернет-приемная   Вакансии   Объявления о закупках   Контакты   ТОО Кокшетау Энерго Центр   ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық»  


© ТОО Кокшетау Энерго. 2020 г.