Кокшетау-Энерго

Главная     Карта сайта     Для печати     
Республика Казахстан, 020000, г.Кокшетау, мкр.Центральный, 5  
 
 Главная 
 Для потребителя 
 Новости компании 
Статьи 
 Рынок электроэнергии 
 Проекты 
 Интернет-приемная 
 Вакансии 
 Объявления о закупках 
 Контакты 
 ТОО Кокшетау Энерго Центр 
 ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық» 




GISMETEO: Погода по г.Кокшетау


   

Электр желілерінің күзет аймағы/Охранная зона электрических сетей


Электр желілерінің күзет аймағы

 

            Электр тоғының адам өмірі мен денсаулығына қауіпті екенін бәріміз де жақсы білеміз. Электр тоғының кездейсоқ соғуы адамның денасаулығына өте мол зиян келтіреді, тіпті өлім-жітімге дейін апарады. Тоқ деген басқа қауіпті заттармен салыстырар болсақ, мұнда не түсі, не иісі жоқ көзге көрінбейтін құбылыс. Электр тоғының жоғары қуаты адамның сымдарға жуықтамай-ақ қашықтықтан электр доғасы арқылы да адамға зардап әкелуі әбден мүмкін.

            Адамдар үшін қауіп пен ықтимал теріс себеп-салдарды ескере отырып, электр энергетикасы саласы жоғары қауіп-қатер салаларына жататыны белгілі. Осыған орай, халық  арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін, сондай-ақ электр желілерінің сақталуын қамтамасыз етіп, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау мен олардың зақымдануының алдын алу мақсатында күзет аймағы белгіленеді.

            Өкініштісі, соңғы уақыттарда энергия кәсіпорындары мен электр желілерінің меншік иелері тарапынан Департаментке белгіленген күзет аймақтарын бұзу туралы шағымдар мен өтініштер жиілеп кетті.

Күзет аймағында қандай да бір жұмыс жүргізу кезінде нені білу керек?

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 бұйрығымен бекітілген Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу тәртібі электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларымен айқындалады.

Осы Қағидаларда электр желілеріне жақын маңда орналасқан тұрғын, өндірістік және өндірістік емес ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі ең аз деген арақашықтық, күзет аймағының көлемі, сондай-ақ осындай аймақтар аясындағы жұмыстарды жүргізу шарты айқындалған.

Мәселен, қағидаларға сәйкес электр желілерінің күзет аймағы шегінде қарамағында осы желілер бар ұйымның келісімінсіз қандай да бір құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсіру және өзге де жұмыс түрлерін жүргізуге жол берілмейді. Осы талаптар бұзылатын болса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 305-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Электр желілерінің күзет аймағында жер жырту, жинау, шөп шығару, оны суғару сияқты далалық ауыл шаруашылығы жұмыстарын жер пайдаланушылары желілердің меншік иелеріне алдын ала жазбаша түрде хабарлай отырып жүргізеді. Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды электр желілерінің күзет аймағында жүргізуге жазбаша келісім алған тұлғалар, оларды осы желілердің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ететін шарттарды сақтай отырып орындайды.

Егер жер жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық құжаттамада көрсетілмеген кабель табылса не істеу қажет? Бұл жағдайда жер жұмыстарын жүргізетін тұлғалар жұмыс өндірісін тоқтатып, кабельдің сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды және бұл туралы қарамағында электр желілері бар жақын орналасқан энергия беруші ұйымға немесе жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды.

Ереже талаптарымен толығырақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ашық қолжетімділікте танысуға болады.

Туындаған мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалар Көкшетау қаласы, М. Әуезов көшесі, 230-ғимарат, 22-кабинет мекен-жайындағы ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментіне немесе 8(7162) 257867, 251316 телефондары бойынша хабарласа алады.

 

ҚР Энергетика министрлігінің

Атомдық және энергетикалық қадағалау

мен бақылау Комитетінің

Ақмола облысы бойынша

аумақтық департаментінің басшысы

Жаслан Қасенов

Охранная зона электрических сетей

            Все мы прекрасно знаем об опасности электрического тока для здоровья и жизни человека. Поражение электрическим током может причинить немалый вряд для здоровья или даже привести к летальному исходу. В отличие от других опасных сред, ток не обладает цветом и запахом, он не видим. При высоком напряжении электрический ток может поразить человека даже без непосредственного прикосновения к проводнику - на расстоянии, через дуговой контакт.

            Учитывая опасность и возможные негативные последствия для человека сфера электроэнергетики отнесена к сферам повышенной опасности. В целях предотвращения несчастных случаев среди населения, а также обеспечения сохранности электрических сетей, создания нормальных условий эксплуатации и предотвращения их повреждения устанавливаются охранные зоны.

            К сожалению, в последнее время участились жалобы и обращения в Департамент со стороны энергопредприятий и собственников электрических сетей о нарушении установленных охранных зон.

            Что нужно знать при при производстве каких-либо работ в охранной зоне?

            Порядок установления охранных зон объектов электрических сетей и особых условий использования земельных участков, расположенных в границах таких зон, определяется Правилами установления охранных зон объектов электрических сетей и особых условий использования земельных участков, расположенных в границах таких зон, утвержденными приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 28 сентября 2017 года № 330.

Данными правилами определены минимально допустимые расстояния от электрических сетей до ближайших жилых, производственных и непроизводственных зданий и сооружений, размеры охранных зон, а также условия производства работ в пределах таких зон.

            Так в соответствии с правилами в пределах охранных зон электрических сетей не допускается производство каких-либо строительных, монтажных, земляных, погрузочно-разгрузочных и иных видов работ без согласования с организацией, в ведении которой находятся эти сети. Нарушение данного требования влечет административную ответственность в соответствии со статьей 305 Кодекса об административных правонарушениях.

Полевые сельскохозяйственные работы, такие как вспашка, уборка, вывоз сена, лиманный полив, в охранных зонах воздушных линий электропередачи также производятся землепользователями с предварительным письменным уведомлением собственника сетей. Лица, получившие письменное согласие на ведение вышеуказанных работ в охранных зонах электрических сетей, выполняют их с соблюдением условий, обеспечивающих безопасность и сохранность этих сетей.

            Что делать если при производстве земляных работ обнаружен кабель, не указанный в технической документации на производство работ? В данном случае лица, производящие земляные работы, прекращают производство работ, принимают меры к обеспечению сохранности и целостности кабеля и сообщают об этом в ближайшую энергопередающую организацию, в ведении которой находятся электрические сети, или в местные исполнительные органы.

            Более детально с требованиями Правил можно ознакоимиться в открытом доступе в информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан.

По имеющимся вопросам физические и юридические лица могут обратиться в территориальный департамент Комитета атомного и энергетического надзора и контроля Министертсва энергетики Республики Казахстан по Акмолинской области по адресу: город Кокшетау, улица М. Ауэзова, здание 230, кабинет 22 или по телефонам 8(7162) 257867, 251316.

Жаслан  Касенов - руководитель территориального департамента

Комитета атомного и энергетического надзора

и контроля Министерства энергетикиРК

по Акмолинской области 




   
Поиск по сайту
 
Новости компании
Объявление об отмене тарифов с 1 апреля 2020г. ТОО "Кокшетау Энерго Центр" и ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық»



Статьи
Электр желілерінің күзет аймағы/Охранная зона электрических сетей



ТОО Кокшетау Энерго Центр
Приказы , Распоряжения
Приказы, распоряжения


ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық»
Приказы , Распоряжения





Просмотров сегодня - 347
Хостов сегодня - 183
Просмотров всего - 976267
Хостов всего - 240637




Главная   Для потребителя   Новости компании   Статьи   Рынок электроэнергии   Проекты   Интернет-приемная   Вакансии   Объявления о закупках   Контакты   ТОО Кокшетау Энерго Центр   ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық»  


© ТОО Кокшетау Энерго. 2020 г.