Кокшетау-Энерго

Главная     Карта сайта     Для печати     
Республика Казахстан, 020000, г.Кокшетау, мкр.Центральный, 5  
 
 Главная 
 Для потребителя 
 Новости компании 
Статьи 
 Рынок электроэнергии 
 Проекты 
 Интернет-приемная 
 Вакансии 
 Объявления о закупках 
 Контакты 
 ТОО Кокшетау Энерго Центр 
 ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық» 




GISMETEO: Погода по г.Кокшетау


   

Жаңартылатын энергетиканы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау


Жаңартылатын энергетиканы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау

Жақында (2020 жылғы 26 қарашада), Қазақстан Республикасының Парламенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын мақұлдады. Ұсынылып отырған заң жобасының негізгі тұжырымдамалық жаңалығы - жаңартылатын энергетиканы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Қазіргі уақытта жаңартылатын энергетиканы дамытуға елеулі инвестициялар салынып жатыр. Электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде жаңартылатын энергия көзінің (ЖЭК) үлесін ұлғайту жөніндегі нысаналы индикаторлар, оның үлесін 2020 жылы 3% - ға, 2025 жылы 6% - ға және 2030 жылға қарай 10% - ға жеткізуді көздейді. 2050 жылға қарай жалпы энергия тұтынудың кем дегенде жартысы жаңартылатын және баламалы энергия көздеріне тиесілі болуға тиіс.

Осы индикаторларға қол жеткізу үшін осынау заң жобасында мыналарды енгізу ұсынылып отыр:

Бірінші. ЖЭК жобалары алдындағы төлемдер бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда қаржы-есеп айырысу орталығына (ҚЕАО), кредит қабілеттілігін арттыру мақсатында, Үкімет тарапынан қаржы-есеп айырысу орталығына қаржылық қолдау көрсетеді. Бұл норма инвесторлардың тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді және тиісінше ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясына аукциондық сауда-саттықтағы бағаны төмендетеді. Бұдан басқа, осы норманы енгізу еліміздегі ЖЭК секторының инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беретіні белгілі.

Екінші. Электр энергиясын сатып алуға арналған келісімшарттың қолдану мерзімін қазіргі 15 жылдан 20 жылға дейін ұлғайту болып табылады. Бұл тетік болашақ инвесторлар үшін ЖЭК нарығының тартымдылығын арттыру мақсатында қажет және аукциондық бағалардың төмендеуіне әкеіп соғады.

Үшінші. ҚЕАО арқылы су тасқыны электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу-сатуды енгізу. Қолданыстағы «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына сәйкес энергия өндіруші ұйымдар - су электр станциялары суды табиғат қорғау мақсатында жіберу кезеңінде өндірілетін электр энергиясын орталықтандырылған сауда - саттықта сатуға міндетті. Жүйелік оператордың деректері бойынша, электр энергиясын өндіру-тұтынудың жыл сайынғы нақты теңгерімінің көлемі орта есеппен 300 млн. кВт сағат құрайды. Бұл ретте, су тасқыны электр энергиясының шамамен 50% - ын орталықтандырылған сауда - саттықта трейдерлер сатып алады, олардың баға белгілеуін мемлекет реттемейді.

Аталған факторларды ескере отырып, энергия өндіруші ұйымдардың (су электр станцияларының) су тасқыны электр энергиясын ҚЕАО-ға сату міндетін заңды түрде бекіту ұсынылады, ал ҚЕАО өз кезегінде осы қымбат емес тасқын электр энергиясын ЖЭК электр энергиясын орталықтандырылған сатудың қолданыстағы тетігі арқылы еліміздің барлық тұтынушылары арасында бөлетін болады. (баспасөз қызметі kz)

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті




   
Поиск по сайту
 
Новости компании
Қымбатты энергетик - әріптестер!



Статьи
Мемлекеттік органға хабарлау



ТОО Кокшетау Энерго Центр
Договор электроснабжения для бытовых потребителей
Новости


ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық»
Приказы , Распоряжения





Просмотров сегодня - 497
Хостов сегодня - 197
Просмотров всего - 2309030
Хостов всего - 265790




Главная   Для потребителя   Новости компании   Статьи   Рынок электроэнергии   Проекты   Интернет-приемная   Вакансии   Объявления о закупках   Контакты   ТОО Кокшетау Энерго Центр   ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық»  


© ТОО Кокшетау Энерго. 2021 г.