Кокшетау-Энерго

Главная     Карта сайта     Для печати     
Республика Казахстан, 020000, г.Кокшетау, мкр.Центральный, 5  
 
 Главная 
 Для потребителя 
 Новости компании 
Статьи 
 Рынок электроэнергии 
 Проекты 
 Интернет-приемная 
 Вакансии 
 Объявления о закупках 
 Контакты 
 ТОО Кокшетау Энерго Центр 
 ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық» 




GISMETEO: Погода по г.Кокшетау


   

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері


Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері  

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 1-тармағына, 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 64 Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің бұйрығымен бекітілген 2020 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарының 11-тармағына және 2016 жылғы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары жөніндегі 2020 жылдың қорытындысы бойынша ішкі талдау жүргізді (Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша).

Департамент қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына ықпал ететін нормалар анықталған жоқ. Сондай-ақ, ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жөнінде Департамент қызметкерлері тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңның талаптары ұдайы сақталады. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан лауазымдық міндеттерді жүзеге асыру барысында мүдделер тартысының бұзушылықтары болған жоқ.

Жеке және заңды тұлғалар жүгінулерінің өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы саны –65, оның ішінде жеке тұлғалардың жүгінулері – 47, заңды тұлғалардан – 18 жүгіну келіп түсті. Көп жағдайларда жүгінулер электр энергиямен жабдықтау мәселелері бойынша жолданады.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүгінулерді қарастыру мерзімі мен тәртібі қатаң сақталады.Талдау нәтижесі бойынша қабылдау, өңдеу, тіркеу және орындауға берілген жеке және заңды тұлғалардан түскен жүгінулер мен өтініштерде сыбайлас жемқорлық фактілері болған жоқ.

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Департамент бір мемлекеттік қызмет көрсетті. Бұл - энергия өндіруші және энергия беруші кәсіпорындарға күзгі-қысқы жұмысқа әзірлігі бойынша дайындық паспортын тапсыру болып табылады (рұқсат беру құжаты емес). Осынау мемлекеттік қызмет 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 ҚР Энергетика министрінің бұйрығымен бекітілген Стандартқа сәйкес көрсетіледі. Жыл қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтің саны – 6.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Департамент Кәсіпкерлік кодекске сәйкес, 23 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес 4 заңды тұлға әкімшілік  жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 1 180 650 теңге айыппұлға жазаланды. Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзғанын жою үшін 21 нұсқама берілді. Тексеру объектісіне бармай 241 профилактикалық бақылау жүргізілді. Тексеру объектісіне барып 5 профилактикалық бақылау жүргізді. Электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарды жою туралы 37 ұсыным жасалды.

Қызмет барысында Департамент 2019 жылғы 26 тамыздағы № 290 ҚР Энергетика министрі мен 2019 жылғы 27 тамыздағы № 78 ҚР Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығымен бекітілген электр энергетикасы саласындағы тексеру парақтарын қолданады. Электр ергетикасы саласындағы заңнамада көзделмеген ақпараттарды сұрату орын алған жоқ. Департаменттің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің анықталмағанын атап өткен жөн.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен

бақылау Комитетінің Ақмола облысы

бойынша аумақтық департаменті




   
Поиск по сайту
 
Новости компании
Қымбатты энергетик - әріптестер!



Статьи
Мемлекеттік органға хабарлау



ТОО Кокшетау Энерго Центр
Договор электроснабжения для бытовых потребителей
Новости


ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық»
Приказы , Распоряжения





Просмотров сегодня - 536
Хостов сегодня - 197
Просмотров всего - 2309069
Хостов всего - 265790




Главная   Для потребителя   Новости компании   Статьи   Рынок электроэнергии   Проекты   Интернет-приемная   Вакансии   Объявления о закупках   Контакты   ТОО Кокшетау Энерго Центр   ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық»  


© ТОО Кокшетау Энерго. 2021 г.