Кокшетау-Энерго

Главная     Карта сайта     Для печати     
Республика Казахстан, 020000, г.Кокшетау, мкр.Центральный, 5  
 
 Главная 
 Для потребителя 
 Новости компании 
Статьи 
 Рынок электроэнергии 
 Проекты 
 Интернет-приемная 
 Вакансии 
 Объявления о закупках 
 Контакты 
 ТОО Кокшетау Энерго Центр 
 ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық» 




GISMETEO: Погода по г.Кокшетау


   

Мемлекеттік органға хабарлау


Мемлекеттік органға хабарлау

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінде (бұдан әрі – Департамент) телефон арқылы электр энергетикасы саласындағы заңнаманы, нормативтік құқықтық актілерді қолдану мәселелері қаралады және толық түсініктеме беріледі. Ол бойынша электр энергетикасының тұтынушылары анонимді (қол қоюсыз) тәртіппен де жүгінеді. Департамент қызықтырушылық танытатын мәселелер бойынша түсініктеме береді. Егер мәселені шешу үшін қосымша уақытты талап етсе немесе электр энергетикасының қандай да бір мәселелері бойынша тексеруді жүргізу қажет болса, телефон арқылы өтініш белгіленген мерзімге ұзартылады немесе өтініш берушіден Департаментке жазбаша түрде өтініш білдіруді сұрайды.

Мәселен, өткен жылы Департаментке 27 телефон хабарламасы келіп түсті және барлық өтініш жартылай пысықталды, оның ішінде 21 хабарлама бойынша толық көлемде түсініктеме берілді, біреуі бойынша – бір жерге бару жүзеге асырылды, біреуі бойынша - бір тексеріс үшін жазбаша өтініш қабылданды және тұтынушылардың 4 хабарламасы бойынша бір сағат ішінде жан-жақты және толық көлемде жауап берілді.

Негізінен азаматтар электр энергиясын заңсыз өшіру немесе шектеу, сенімді және сапалы электр энергиясын беру, электр желілеріне техникалық шарт алу, электр энергиясын автоматты есептеу аспабын алу т.б. бойынша жүгінулерін білдіреді.

Энергетика министрінің бұйрығымен бекітілген электрмен жабдықтау сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін айқындау қағидаларына сәйкес, энергия беруші ұйымдар жыл сайын, есепті жылдан кейінгі 20 қаңтардан кешіктірмей, Департаментке Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрмен жабдықтау сенімділігі көрсеткіштері туралы ақпаратты және қағаз тасымалдағыштағы ажырату журналын жібереді.

Бұл ретте, энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың электр энергетикасы туралы заңнамада көзделген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін Департамент сұратқан ақпаратты бермеуі, уақтылы, жеткізбеуі немесе толық бермеуі жауапты лауазымды адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын атап өтеміз.

Сондай-ақ, жер жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс өндірісінің техникалық құжаттамасында көрсетілмеген кабель табылса не істеу керек? Бұл жағдайда жер жұмыстарын жүргізетін тұлғалар жұмыс жүргізуді тоқтатады, кабельдің сақталуы мен бүтіндігін қамтамасыз ету шараларын қабылдайды және бұл туралы қарамағында электр желілері бар жақын энергия беруші ұйымға немесе жергілікті атқарушы органдарға (қалалық/аудандық әкімдіктер) хабарлайды.

Жеке және заңды тұлғалар Көкшетау қаласы, М. Әуезов көшесі, 230-ғимарат, 22-кабинет мекен-жайындағы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментіне немесе 8(7162) 257867, 251316 телефондары бойынша хабарласа алады.

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен

бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша

аумақтық департаменті




   
Поиск по сайту
 
Новости компании
Қымбатты энергетик - әріптестер!



Статьи
Мемлекеттік органға хабарлау



ТОО Кокшетау Энерго Центр
Договор электроснабжения для бытовых потребителей
Новости


ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық»
Приказы , Распоряжения





Просмотров сегодня - 505
Хостов сегодня - 197
Просмотров всего - 2309038
Хостов всего - 265790




Главная   Для потребителя   Новости компании   Статьи   Рынок электроэнергии   Проекты   Интернет-приемная   Вакансии   Объявления о закупках   Контакты   ТОО Кокшетау Энерго Центр   ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық»  


© ТОО Кокшетау Энерго. 2021 г.