Кокшетау-Энерго

Главная     Карта сайта     Для печати     
Республика Казахстан, 020000, г.Кокшетау, мкр.Центральный, 5  
 
 Главная 
 Для потребителя 
 Новости компании 
Статьи 
 Рынок электроэнергии 
 Проекты 
 Интернет-приемная 
 Вакансии 
 Объявления о закупках 
 Контакты 
 ТОО Кокшетау Энерго Центр 
 ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық» 




GISMETEO: Погода по г.Кокшетау


   

Электр желілерінің күзет аймағы


Біз электр тогының адам денсаулығы мен өміріне қауіптілігі туралы жақсы білеміз. Электр тогының соғуы денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі немесе тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Басқа қауіпті ортадан айырмашылығы, токтың түсі мен иісі жоқ, ол көрінбейді. Жоғары кернеу кезінде электр тогы адамға өткізгішке тікелей тигізбестен - қашықтықта, доғалық байланыс арқылы да әсер етуі әбден мүмкін.

Халық арасында жазатайым оқиғаларды болдырмау, сондай-ақ электр желілерінің сақталуын қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау және олардың зақымдануын болдырмау мақсатында күзет аймақтары белгіленеді.

Өкінішке орай, соңғы уақытта энергия кәсіпорындары мен электр желілерінің меншік иелері тарапынан Департаментке белгіленген күзет аймақтарын бұзу туралы шағымдар мен жүгінулер жиілеп кетті.

Күзет аймағында қандай да бір жұмыс жүргізу кезінде нені білу керек?

Осындай аймақтардың шекарасында орналасқан электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу тәртібі ҚР Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 бұйрығымен бекітілген осындай аймақтардың шекараларында орналасқан электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалады.

Осы Қағидалармен электр желілерінен жақын маңдағы тұрғын, өндірістік және өндірістік емес ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі ең аз жол берілетін қашықтықтар, күзет аймақтарының өлшемдері, сондай-ақ осындай аймақтар аясындағы жұмыстарды жүргізу шарттары айқындалған. Осылайша, Қағидалардың 20-тармағына сәйкес, қарамағында осы желілер бар ұйымның келісімінсіз электр желілерінің күзет аймақтары шегінде құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсіру жұмыстарын, Шурф ұңғымаларының құрылғысымен байланысты іздестіру жұмыстарын жүргізуге, алаңдарды, автомобиль көлігі тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды қоймалауға, қоршаулар мен дуалдар салуға, күйдіргіш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге жол берілмейтіні белгіленген. Аталған талапты бұзу әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 305-бабы бойнша жауапкершілікке әкеп соғады. Мысалы, Ақмола облысы Аршалы ауданы Қостомар ауылында 10 кВ «Насосная» әуе желісінің құрылысы бойынша жұмыстарды «KEGOC» АҚ «Ақмола жүйеаралық электр желілері» филиалының келісімінсіз мердігерлік ұйым жүргізді. Осылайша, жоғарыда аталған ереже нормаларының бұзылуы «ҚТЖ» ҰК» АҚ тұтынушыларын шектей отырып, «ЦГПП-Сарыоба» ӘЖ-220 кВ Л-2761 авариялық ажыратылуына әкеп соқты. Сонымен қатар, механизмнен не оның жылжымалы бөлігінен, сондай-ақ олардың кез келген жағдайында көтерілетін жүктен кернеудегі жақын жердегі сымға дейінгі ауа бойынша қашықтықты бұза отырып, күзет аймағында құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігерлік ұйым персоналының өмірі мен денсаулығына қатер төндірді.

Егер жер жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық құжаттамада көрсетілмеген кабель табылса не істеу керек? Бұл жағдайда жер жұмыстарын жүргізетін тұлғалар жұмыс өндірісін тоқтатады, кабельдің сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды және бұл туралы қарамағында электр желілері бар жақын энергия беруші ұйымға немесе жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды.

Жеке және заңды тұлғалардың назарын аударамыз, Көкшетау қаласы, М.Әуезов көшесі, 230-ғимарат, 22, 23-кабинет мекен-жайы бойынша орналасқан Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментіне немесе 8(7162) 257867 телефоны бойынша хабарласа алады.

 

Әділжан Укпенов -

Қазақстан Республикасы Энергетика

министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау

мен бақылау Комитеті

Ақмола облысы бойынша аумақтық

департаментінің басшысы




   
Поиск по сайту
 
Новости компании
Қымбатты энергетик - әріптестер!



Статьи
Проведение проверки в сфере электроэнергетики



ТОО Кокшетау Энерго Центр
Договор электроснабжения для бытовых потребителей
Новости


ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық»
Приказы , Распоряжения





Просмотров сегодня - 277
Хостов сегодня - 106
Просмотров всего - 2717272
Хостов всего - 325664




Главная   Для потребителя   Новости компании   Статьи   Рынок электроэнергии   Проекты   Интернет-приемная   Вакансии   Объявления о закупках   Контакты   ТОО Кокшетау Энерго Центр   ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық»  


© ТОО Кокшетау Энерго. 2022 г.