Кокшетау-Энерго

Главная     Карта сайта     Для печати     
Республика Казахстан, 020000, г.Кокшетау, мкр.Центральный, 5  
 
 Главная 
 Для потребителя 
 Новости компании 
Статьи 
 Рынок электроэнергии 
 Проекты 
 Интернет-приемная 
 Вакансии 
 Объявления о закупках 
 Контакты 
 ТОО Кокшетау Энерго Центр 
 ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық» 




GISMETEO: Погода по г.Кокшетау


   

Сыбайлас жемқорлық бойынша заңнамалық өзгерістер туралы ақпарат


Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мынадай заңнамалық өзгерістер көзделген.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, пара берушілер мен пара алуға делдалдардың сыбайлас жемқорлық үшін жазасы қатаңдатылды.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялардың сыбайлас жемқорлық үшін жазасын қатаңдату ҚК-нің 361, 364, 365, 366, 369 және 370-баптарында мынадай саралау белгілерін енгізу арқылы іске асырылды:

- «құқық қорғау органы қызметкерінің сыбайлас жемқорлық іс-әрекет жасауы»;

- «құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның немесе судьяның ауыр жаза қолдануы».

ҚК-нің 361-бабына («Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану») қатысты:

Мысалға, ҚК-тің 361-бабы бірінші бөлігі бойынша мемлекеттік қызметшілер, лауазымды адамдар, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін санкция 2 жылға дейін құраса, енді құқық қорғау органдарының қызметкерлерін 2-1-бөлікке бөліп, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланған жағдайда полицейге, БП, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкеріне немесе ЭТҚ-ға 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза қолданылады.

ҚК-тің 361-бабы үшінші бөлігіне сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың (оларға Парламент депутаттары, судьялар, саяси мемлекеттік қызметшілер және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері жатады) лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі санкция көзделген.

Түзетулерге сәйкес құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға (бірінші басшылар, олардың орынбасарлары) және судьяларға қатысты санкция 7 жылға дейін ұлғайтылды.

Тиісінше, ҚК-нің 361-бабында көзделген, құқық қорғау органдарының мемлекеттік саяси қызметшілері мен судьялар жасаған қылмыс ауыр қылмыс санатына өтеді, бұл өз кезегінде:

- «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңның 12-бабы 4-тармағына сәйкес күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты прокурордың санкциясымен арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын (бұдан әрі - АЖІШ) (адамды немесе орынды жасырын аудио-және (немесе) бейнебақылау; электр (телекоммуникациялық) байланыс желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын бақылау, ұстап алу және алу және т.б.) жүргізуге мүмкіндік береді;

- ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған адамдарды мерзімінен бұрын босатуға (бұдан әрі - ШМББ) енгізілген тыйымға сәйкес, аталған адамдарды ШМББ бойынша босату мүмкіндігінен айырады.

 

Қазақстан Республикасы Энерргетика министрлігі

Атомдық және энергетикалық қадағалау

мен бақылау Комитетінің Ақмола облысы

бойынша аумақтық департаменті

(баспасөз қызметі )




   
Поиск по сайту
 
Новости компании
Қымбатты энергетик - әріптестер!



Статьи
Проведение проверки в сфере электроэнергетики



ТОО Кокшетау Энерго Центр
Договор электроснабжения для бытовых потребителей
Новости


ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық»
Приказы , Распоряжения





Просмотров сегодня - 58
Хостов сегодня - 39
Просмотров всего - 2742141
Хостов всего - 334379




Главная   Для потребителя   Новости компании   Статьи   Рынок электроэнергии   Проекты   Интернет-приемная   Вакансии   Объявления о закупках   Контакты   ТОО Кокшетау Энерго Центр   ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық»  


© ТОО Кокшетау Энерго. 2022 г.